"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ акционерлері 2019 жылға жылдық қаржылық есептілігін бекітті және жай акциялары бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады

29.05.20 19:03
/KASE, 29.05.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Нұр-Сұлтан), Қазақстан қор биржасына (KASE), акционерлерінің 2020 жылдың 25 мамырындағы жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы хабарлады: - 2019 жылға жылдық қаржылық (шоғырландырылған және жеке) есебі бекітілсін; - 1 197 157 000 000 теңге таза табысы келесі тәртіппен бөлінсін: - 81 737 708 477,21 теңге дивиденд төлеуге жұмсалсын; - 1 115 419 291 522,79 теңге компанияның иелігінде қалдырылсын. - 2019 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд көлемі компанияның бір акциясына – 133,97 теңге; - 2020 жылдың мамыры жай акциялар бойынша дивиденд төлеуді бастау күні болып анықталсын. Аталмыш ақпарат – https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_annual_shareholders_meeting_results_250520_3452.PDF [2020-05-29]