29 мамырдан бастап "АстанаГаз КМГ" АҚ KZ2C00005676 (AKMGb1) и KZ2C00005841 (AKMGb2 облигациялары KASE балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санатынан KASE ресми тізімінің негізгі алаңынан "облигациялар" санатына ауыстырылды

29.05.20 12:55
/KASE, 29.05.20/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының шешімімен 2020 жылдың 28 мамырынан бастап "АстанаГаз КМГ" АҚ (Нұр-Сұлтан) келесі облигациялары KASE ресми тізімінің балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санатынан КASE ресми тізімінің негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санатына ауыстырылды: - KZ2C00005676 (KASE балама алаңы, "облигациялар" санаты, AKMGb1; ағымдық номинал 1 100 теңге, ағымдық шығарылым көлемі 93,5 млрд теңге; 13.12.18 – 13.12.33; жылдық купон, жылдық 10,00 %; 30/360); - KZ2C00005841 (KASE балама алаңы, "облигациялар" санаты, AKMGb2; 1 000 теңге, 102,0 млрд теңге; 04.07.19 – 04.07.29; жылдық купон, жылдық 10,00 %; 30/360). Листингілік комиссяиның аталмыш шешімі 2020 жылдың 29 мамырынан бастап күшіне енгізілді. KASE 2020 жылдың 22 мамырындағы қортыныдысында, "АстанаГаз КМГ" АҚ және оның аталмыш облигацияларын тексеру қорытындысы бойынша KASE ресми тізіміне облигациялардың негізгі алаңның "облигациялар" санатына енгізу үшін өлшемдер мен талаптарға компанияның және оның аталмыш облигацияларының сәйкестігі анықталды. [2020-05-29]