"КазТрансОйл" АҚ акционерлері 2018 жылға KZ1C00000744 (KZTO) жай акциялары бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады

28.05.20 17:25
/KASE, 28.05.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "КазТрансОйл" АҚ (Нұр-Сұлтан) жалғыз акционерінің 2020 жылдың 28 мамырындағы шешімдері туралы хабарлады: цитата басы «ҚазТрансОйл» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының жоғарыда көрсетілген шешіміне сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеуге жолданды: – «ҚазТрансОйл» АҚ таза кірісінің 100%-ын құрайтын 45 121 438 000 (қырық бес миллиард бір жүз жиырма бір миллион төрт жүз отыз сегіз мың) теңге мөлшерінде; – өткен жылдары бөлінбей қалған пайданың 264 677 682 (екі жүз алпыс төрт миллион алты жүз жетпіс жеті мың алты жүз сексен екі) теңге мөлшерінде. 2019 жылдың қорытындыларымен «ҚазТрансОйл» АҚ-тың жай акциялары бойынша дивидендтер алуға құқығы бар «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің тізімі 2020 жылғы 03 маусым 00 сағат 00 минуттағы жағдай бойынша құралынады. Дивидендтер төлеу 2020 жылдың 18 маусымынан басталынады, ақшамен оларды Қоғам акционерлерінің шоттарына белгіленген тәртіпте аудару жолымен: – «ҚазТрансОйл» АҚ-тың «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ-тың номиналды ұстауында тұрған жай акциялары бойынша «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ атынан төлем агенті арқылы; – «ҚазТрансОйл» АҚ-тың «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ-тың номиналды ұстауында тұрмаған жай акциялары бойынша – «ҚазТрансОйл» АҚ өздігінен. цитата соңы Толық ақпарат – https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_280520_kz.pdf мекен-жайында жарияланған. [2020-05-28]