"Сентрас Секьюритиз" АҚ 2019 жылға жай акциялары бойынша дивиденд төлегені туралы және жарғылық капиталын 205,0 млн теңгеге арттырғаны туралы хабарлады

27.05.20 18:03
/KASE, 27.05.20/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, аралық пай инвестициялық қорының бсқарушы компаниясы болып табылатын "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына 2019 жылға жай акциялары бойынша жалғыз акционеріне дивиденд төлегені туралы хабарлады. Дивиденд 5,0 млн теңге ақшамен және акционерге қоғамның жарияланған жай акцияларын 205 000 дана жалпы сомасы 205,0 млн теңгеге орналастыру арқылы төленді. Аталмыш ақпарат – https://kase.kz/files/emitters/CSEC/csec_dividends_250520_1981.pdf [2020-05-27]