26 маусымда "KEGOC" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтеді

27.05.20 11:04
/KASE, 27.05.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "KEGOC" АҚ (Нұр-Сұлтан), 2020 жылдың 26 маусымында акционерлердің сырттай дауыс беру арқылы кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтетіні туралы биржаға хабарлады. Күн тәртібіндегі мәселе "KEGOC" АҚ Директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы". Аталмыш жиналыс туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/KEGC/kegc_special_shareholders_meeting_info_260620_3738.pdf [2020-05-27]