"ASTEL" (АСТЕЛ) АҚ акционерлері 2019 жылға жылдық қаржылық есептілігін бекітті және жай акциялары бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады

27.05.20 10:49
/KASE, 06.05.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ASTEL" (АСТЕЛ) АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), акционерлерінің 2020 жылдың 25 мамырындағы жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы хабарлады: - 2019 жылға компанияның жылдық қаржылық (шоғырландырылған және жеке) қорытындысы туралы есебі және тәуелсіз аудитордың есебі бекітілсін; - компанияның 2019 жылға тжай және бір артықшылықты акциясына дивиденд көлемі 5200 теңге көлемінде бекітілсін; - компанияның таза табысының 15 % құрайтын, таза табысының 57 086 449 000 теңгесі 2019 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд төлеуге жұмсалсын; - компанияға аудит жүргізу үшін "Делойт" ЖШС аудиторлық ұйым ретінде бекітілсін. Акционерлердің жалпы жиналысында алты мәселе бойынша шешім қабылданды. Аталмыш ақпаратпен – https://kase.kz/files/emitters/ASTL/astl_annual_shareholders_meeting_results_250520_933.PDF мекен-жайында танысуға болады. [2020-05-27]