"Банк ЦентрКредит" АҚ ірі акционері банкті 4,3 млрд теңгеге қосымша қаржыландырды

26.05.20 17:26
/KASE, 26.05.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE) 2020 жылдың 25 мамырындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата соңы «Банк ЦентрКредит» АҚ 2020 жылғы 25 мамырда банктің меншікті капиталын 4,3 млрд теңгеге жоспарлы көбейту жүргізілгенін хабарлайды. Қосымша капиталдандыру 2019 жылы өткізілген активтер сапасын бағалау (AQR) нәтижелері бойынша іс-шаралар аясында жүргізілді. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың ірі акционерлері Байсеитов Б.Р. мырза және Ли В.С. мырза жай акциялардың 14,4 млн данасын сатып алып, өз үлестерін сәйкесінше 50,7% және 11,0% дейін ұлғайтты. «Банк ЦентрКредит» АҚ пен оның акционерлері Банкті қосымша капиталдандыру бойынша өз міндеттемелерін толық көлемде және белгіленген мерзімде орындады, – деп пікір білдірді Банктің Басқарма төрағасы Ғалым Хұсаинов. – Оған қоса, AQR нәтижелері бойынша Банк ішкі жүйелері мен процестерін жетілдіруге қатысты іс-шаралар жоспарын әзріледі, оларды іске асыру қосымша капиталдандырумен бірге алғанда банктік қызметтер нарығында Банктің бәсекелес позициясын және бизнесті белсенді түрде кеңейту мүмкіндігін нығайтуға мүмкіндік береді». 01.04.2020ж. жай-күйі бойынша «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың активтері 1,6 трлн теңгені (ҚР ЕДБ рэнкингінде 5-ші позиция), несие портфелі 1,1 трлн теңгені (4-ші позиция), депозиттер 1,0 трлн теңгені (нарықта 5-ші позиция) құрайды; реттеушінің барлық пруденциалды және өзге талаптары артығымен сақталып келеді. Банктің еліміз бойынша кең тараған бөлімшелер желісі – 19 филиал мен 110 бөлімшесі бар, сондай-ақ банк заңды және жеке тұлға 1,5 млн клиенттерге қызмет көрсетеді. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/NRBN/nrbn_reliz_250520_1.pdf [2020-05-26]