«ҚазТрансОйл» АҚ электр энергиясын жеткізу тарифінің өзгергені туралы хабарлайды

26.05.20 18:59
/KASE, 26.05.20/ – Акциялары "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазТрансОйл" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2020 жылдың 16 мамырындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы №90 бұйрығымен бекітілген тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 610-тармағына сәйкес, сонымен қатар тұтынушыларға жүктемені төмендету мақсатында «ҚазТрансОйл» АҚ 2020 жылғы 1 маусымнан бастап 2021 жылғы 31 мамырға дейінгі кезеңге келесілер үшін электр энергиясын беру жөніндегі тарифтердің төмендетілгенін хабарлайды (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу комитетінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 43-1-43/847 хатымен келісілген «ҚазТрансОйл» АҚ электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне тарифтері мен тарифтік сметаларын бекіту туралы» «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының (Басқарма төрағасының) 2020 жылғы 15 мамырдағы №34 бұйрығы): ( Қоғамның Ақтөбе мұнай құбыры басқармасы – 0,77 теңге/кВт-сағ дейін (ҚҚСсыз) мөлшерінде; ( Қоғамның Атырау мұнай құбыры басқармасы – 0,31 теңге/кВт-сағ дейін (ҚҚСсыз) мөлшерінде; ( Қоғамның Жезқазған мұнай құбыры басқармасы – 0,66 теңге/кВт-сағ дейін (ҚҚС-сыз); ( Қоғамның Қарағанды мұнай құбыры басқармасы –0,56 теңге/кВт-сағ дейін (ҚҚС-сыз) мөлшерінде; ( Қоғамның Құлсары мұнай құбыры басқармасы – 0,57 теңге/кВт-сағ дейін (ҚҚСсыз) мөлшерінде; ( Қоғамның Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы –0,39 теңге/кВт-сағ дейін (ҚҚС-сыз) мөлшерінде; ( Қоғамның Павлодар мұнай құбыры басқармасы – 0,35 теңге/кВт-сағ дейін (ҚҚСсыз) мөлшерінде; (Қоғамның Шымкент мұнай құбыры басқармасы – 1,01 теңге/кВт-сағ дейін (ҚҚСсыз) мөлшерінде; (Қоғамның Павлодар мұнай құбыры басқармасының «Петерфельд» желілік өндірістік-диспетчерлік станциясы – 0,84 теңге/кВт-сағ дейін (ҚҚС-сыз) мөлшерінде. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы KASE интернет-сайтында https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_260520_kz.pdf мекен-жайында толық жарияланған. [2020-05-26]