"Қазақстан Халық Жинақ банкі" АҚ акционерлері банктің Директорлар кеңесінің жаңа құрамын сайлады

26.05.20 13:20
/KASE, 26.05.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Халық Жинақ банкі" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына акционерлерінің 2020 жылдың 26 мамырындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан əрі – Банк) 2020 жылғы 22 мамырда Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша жəне акционерлер жалпы жиналысының отырысын өткізбестен сырттай дауыс беру арқылы (бұдан əрі – акционерлердің жылдық жалпы жиналысы) жүргізілген Банк акционерлерінің жалпы жиналысы өткені туралы хабарлайды. Банктің Директорлар кеңесі өкілеттіктерінің мерзімі Банктің жылдық жалпы жиналысында аяқталуына байланысты (Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының 2020 жылғы 22 мамырдағы №43 хаттамасы) «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері етіп мына тұлғаларды: Александр Сергеевич Павловты, Петр Романовскиді (Piotr Romanowski), Арман Галиаскарович Дунаевты, Кристоф Рёльді (Christof Ruehl) жəне Фрэнк Кайларсты (Franciscus Cornelis Wilhelmus (Frank) Kuijlaars) тəуелсіз директорлар ретінде, Мажит Тулеубекович Есенбаевты «Холдинговая группа «АЛМЭКС» АҚ өкілі ретінде, Умут Болатхановна Шаяхметованы 3 жыл өкілеттіктер мерзімімен сайлау туралы шешім қабылданды. Жаңадан сайланған Банктің Директорлар кеңесі қабылдаған шешімге сəйкес (Банктің Директорлар кеңесінің сырттай отырысының 2020 жылғы 25 мамырдағы №35 хаттамасы) Александр Сергеевич Павлов Банктің Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Осылайша, корпоративтік басқарудағы үздік халықаралық тəжірибеге сəйкес Банктің Директорлар кеңесінің жаңа құрамы жеті директордан тұрады, олардың бесеуі – тəуелсіз директор. Банктің Директорлар кеңесінің сайланған мүшелері Банктің жылдық жалпы жиналысын өткізу күнінде Банктің дауыс беруші акцияларына жəне Банктің еншілес ұйымдарының акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) иелік еткен жоқ. Банктің Директорлар кеңесінің жаңа құрамы туралы толығырақ ақпарат мына мекенжай бойынша орналастырылған: https://halykbank.kz/about/leadership *** «Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі тел. +7 727 2 590 816, pr@halykbank.kz, www.halykbank.kz__ цитата соңы [2020-05-26]