"КазТрансГаз" АҚ жалғыз акционері 2019 жылға жылдық қаржылық есептілігін бекітті және таза табысын бөлмеу төлемеу туралы шешім қабылдады

21.05.20 17:04
/KASE, 21.05.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазТрансГаз" АҚ (Нұр-Сұлтан), Қазақстан қор биржасына (KASE), жалғыз акционерінің 2020 жылдың 06 сәуіріндегі жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы хабарлады: - 2019 жылға компанияның шоғырландырылған қаржылық қорытындысы туралы есебі бекітілсін; - компанияның 2019 жылға 334 334 849 000 теңге таза табысы бөлінбесін. Аталмыш ақпаратпен – https://kase.kz/files/emitters/KZTG/kztg_decision_sole_shareholder_060420_13.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2020-05-21]