"АстанаГаз КМГ" АҚ акционерлері 2019 жылға жылдық қаржылық есептілігін бекітті және жай акциялары бойынша дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдады

21.05.20 21:29
/KASE, 21.05.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "АстанаГаз КМГ" АҚ (Нұр-Сұлтан), Қазақстан қор биржасына (KASE), акционерлерінің 2020 жылдың 06 мамырындағы жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы хабарлады: - 2019 жылға компанияның жылдық қаржылық қорытындысы туралы есебі бекітілсін; - компанияның 2019 жылға таза табысы болмағандықтан, жай акциялары бойынша дивиденд төленбесін. - Барлығы акционерлердің жалпы жиналысында жеті мәселе бойынша шешім қабыданды. Аталмыш ақпаратпен – https://kase.kz/files/emitters/AKMG/akmg_annual_shareholders_meeting_results_060520_220.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2020-05-2]