"Еуразиялық банк" АҚ өзінің (KZ2C00003168, EUBNb15) облигацияларын өтегені туралы хабарлады

19.05.20 14:21
/KASE, 19.05.20/ - "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы) 2020 жылдың 18 мамырында өзінің (KZ2C00003168, EUBNb15) облигацияларын өтегені, сондай-ақ, өтеу шегінде аталмыш облигациялар бойынша соңғы - купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес аталмыш облигациялар бойынша төлемдердің жалпы сомасы 12 782 540 045,25 теңгені, соның ішінде негізгі қарыздың (облигациялардың жиынтық номиналды құнының) сомасы – 12 261 429 300,00 теңгені, купондық сыйақысы – 521 110 745,25 теңгені құрады. [2020-05-19]