"Tengri Bank" АҚ акционерлері Директорлар кеңесінің жаңа құрамын сайлады

18.05.20 09:56
/KASE, 18.05.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Tengri Bank" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына жалғыз акционерінің 2020 жылдың 15 мамырындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы 2020 жылғы 15 мамырда Алматы қаласында "Tengri Bank" АҚ (бұдан әрі – Банк) Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтті. Жиналыс қорытындысы бойынша Банктің Директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды, оның мүшелері болып: Паван Сингх, Банк Басқармасының төрағасы, Chand Debadatta, Srivastava Arun – тәуелсіз директор, Евгений Сейпульник – тәуелсіз директор, Ұлан Байжанов сайланды. Тимур Қуанышевтың, Ержан Шәйкеновтің, Бауыржан Нұғымановтың, Қалий Субхаштың Директорлар кеңесінің мүшелері ретіндегі өкілеттіліктері тоқтатылды. Басқарма төрағасы Паван Сингх Директорлар кеңесінің бұрынғы құрамының мүшелеріне атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді: "Банк акционерлерінің атынан және өз атымнан Тимур Қуанышевке, Ержан Шәйкеновке, Бауыржан Нұғыманов пен Субхаш Қалийге Tengri Bank қызметіне басшылық еткен баға жетпес үлесі үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді және оларға табыс тілеймін", - деді ол. Болашаққа арналған жоспарларға түсініктеме бере отырып, Сингх мырза: "Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған құрамы оның жаңа мүшелерінің халықаралық тәжірибесін ескере отырып, корпоративтік басқаруды жетілдіру жұмысын күшейтетін болады. Директорлар кеңесі Банк қызметін тиімді қалпына келтіру, оның тұрақтылығын арттыру және қол жетімді және сапалы Банк сервисін құрудан тұратын стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастыратын болады"- деп атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 24 сәуірінде Банк акционері - Punjab National Bank өзінің операциялық қызметін жүзеге асыруы үшін өтімділікті қамтамасыз ету және Банкті қолдау туралы шешім қабылдаған болатын. Punjab National Bank Қазақстан нарығында өз позициясын одан әрі нығайтуға ниетті. Үндістан тарабы капиталдандыру жөніндегі шешімді "Үлкен төрттіктің" консалтингтік агенттігі ұсынатын Банк қызметін қалпына келтіру жөніндегі жоспардың қорытындылары бойынша қабылдайтын болады. цитата соңы Аталмыш ақпарат https://kase.kz/files/emitters/DNBN/dnbn_reliz_150520_1.pdf [2020-05-18]