ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫНДА МЕKКАМ-12 148-ШІ ШЫҒАРЫЛЫМЫН (KZK100000241) ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША ҰСЫНЫМ СҰРАНЫМНАН ЕКІ ЕСЕ АРТТЫ

15.05.20 23:27
/KASE, 15.05.20/ – Бүгін Қазақстан қор биржасы (KASE) KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қысқа мерзімдік қазынашылық міндеттемесін (МЕККАМ) орналастыру өткізілді. Орналастырудың жоспарланған көлемі 50,0 млрд теңгені құрады. МЕKКАМ-12 148 –ші шығарылымын (KZK100000241) орналастыру барысында KASE сауда-саттық жүйесіне 42 өтінім берілді, белсенді өтінімді жинақтау кезеңі аяқталғанда жиынтық көлемі 99,4 млрд теңгеге 39 белсенді өтінім қалды . Сонымен, сұраным ұсынымнан екі есе артты. Аукцион нәтижесі бойынша эмитент 58 млрд теңге тартты. Орналастырудың көлемінің номиналдық мәні 64,3 млрд теңгені құрады. Қаржы министрлігінің қысөа мерзімдік бағалы қағаздарын орналастыру 2014 жылдың тамыз айында болды. Нарыққа қатысушылар аталмыш орналастыруға аса қызығушылық білдірді. Аталмыш аукцион барысында берілген өтінім саны 2020 жылдың орташа балама көрсеткішінен 8 есе артты. Аукцион қорытындысы туралы қосымша ақпарат жарияланады. [2020-05-15]