18 мамырға жоспарланған Халықаралық қаржы корпорациясының XS2069962343 (IFC_K281021) халықаралық облигацияларына жазылым кейінге қалдырылды

15.05.20 22:58
/KASE, 15.05.20/ – Халықаралық қаржы корпорациясы (Алматы) XS2069962343 (KASE ресми тізімі, "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, IFC_K281021; 9,5 млрд теңге, 28.10.19 – 28.10.21, жылдық купон, жылдық 9,50 %, actual/actual) облигацияларын алғашқы орналастыру өткізу бастамашысы болып табылатын "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ , Қазақстан қор биржасына (KASE) 2020 жылдың 18 мамырына жоспарланған жазылымын кейінге қалдырғаны туралы хабарлады. [2020-05-15]