/KASE, 13.05.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) өзінің
сауда-саттық жүйесінде 2020 жылдың 14 мамырда жазылым жүргізу арқылы
Халықаралық қаржы корпорациясы XS2069962343 (KASE ресми тізімі,
сектор "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары",
IFC_K281021; 9,5 млрд теңге, 28.10.19 – 28.10.21, жылдық купон, жылдық
9,50 %, actual/actual) халықаралық облигацияларының бастапқы
орналастырылуы жүзеге асырылады..
Аталмыш облигацияларға жазылым жүргізгенде сатушысы ретінде "Tengri
Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (әрі қарай – Сатушы) болады.
Орналастырылатын облигациялардың саны – 17 000 000 000 теңгеге дейін.
Өтінімде облигацияның бағасы ретінде, бағалы қағаздың номиналды
құнынан пайызбен төртінші ондық таңбасына дейінгі дәлдікпен көрсетілген,
облигацияның кірістілігі көрсетілуі тиіс. Нарықтық өтінім жағдайында баға
ретінде "нарық бойынша кірістілігі" көрсетіледі.
Орналастыруға жоспарланған облигациялардың жиынтық номиналдық
көлемі алдын ала және аталмыш жазылым бастамашысының хабарламасы
бойынша. Қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың данамен
саны теңгемен көрсетілуі тиіс.
Жазылым шегінде өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 21 сәуірі күні алматы
уақытымен сағат 09:30-дан бастап 11:00-ге дейін. (ALT). Жазылым аясында
KASE сауда-саттық жүйесінде шектеулі және нарықтық өтінімдер
қабылданады. Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру деңгейі – 30 %.
Сатушыға биржа қабылдаған өтінімдерді ұсыну күні – 2020 жылдың 14
мамыры. Сатушының биржаға қанағаттандырылған өтінімдерді ұсыну күні –
2020 жылдың 28 сәуірі; есеп айырысу күні - 2020 жылдың 20 мамыры.
Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ жүзеге
асырылады.
Жазылымға қатысу үшін өтінімдер тек "қор" санаты бойынша KASE
мүшелері арқылы беріледі. KASE мүшелерінің санаттар бойынша толық
тізімі
http://kase.kz/ru/membership мекен-жайына жарияланған.
Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес, аталмыш облигациялардың
эмитентіне ашылатын, инвестор туралы қосымша ақпарат ретінде Жеке
тұлғаның тегі, аты әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы
беріледі.
Бағалы қағаздарға жазылым жүргізудің ережелері KASE интернет-сайтында
http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf мекен-жайында жарияланған.
Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат KASE
интернет-сайтында
http://kase.kz/ru/bonds/show/IFC_K281021/ мекен-
жайында жарияланған.
[2020-05-13]