"Самұрық-Энерго" АҚ COVID-19 бойынша карантин жағдайында холдинг кәсіпорындарының жұмысы туралы хабарлады

13.05.20 12:20
/KASE, 13.05.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ (Нұр-Сұлтан), Биржаға жолдаған 2020 жылдың 13 мамырындағы хабарламасында былай деп мәлімдеді: цитатаның басы Коронавирус індеті қазақстандық энергетиктердің кәсіби шеберлігін және қолда бар жабдықтың тозығы жеткеніне қарамастан, саланың жоғары ұйымшылдық мүмкіндігін көрсетті. ТЖ режимі кезінде "Самұрық-Энерго" АҚ-ның Екібастұз энергия кешеніндегі кәсіпорындарда КВИ-дің 11 расталған жағдайы тіркелді. Бүгінгі таңда 2 жұмыскер сауығып шықты, 272 адам үй жағдайындағы карантинде. Бұл жерде сөз "Богатырь Көмір" ЖШС, "Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС және "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ туралы болып отыр. Бүгінгі таңда электр энергетикалық холдинг - "Самұрық-Энерго" АҚ-ның өндіруші, жіберуші және бөліп-таратушы компаниялары штаттық режимде жұмыс істеп, тұтынушыларға электр энергиясын жеткізіп беру және көмір жөнелту жөніндегі өздерінің міндеттемелерін толығымен орындауда. Төтенше жағдай режимі кезінде, 2020 жылғы наурыз - 11 мамыр аралығында "Самұрық-Энерго" АҚ- ның электр станциялары өндірген электр энергиясының көлемі 4 984 109 мың кВтсағатты, сол кезеңде сатылған көмірдің көлемі 9 462 590 тоннаны құрады. ГРЭС-1, ГРЭС-2 және АлЭС тұтынушыларға 1 млн. Гкал. астам көлемде жылу жіберілуін қамтамасыз етті. цитатаның соңы [2020-05-13]