2020 жылдың 11 маусымында "Казхром" Трансұлттық компаниясы" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып өтеді

11.05.20 17:44
/KASE, 11.05.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Казхром" Трансұлттық компаниясы" АҚ (Ақтөбе) 2020 жылдың 11 маусымында сағат 10:00-де акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтетіні туралы Биржаға хабарлады. Күн тәртібінде қаралатын мәселе: - компанияның 2019 жылға жылдық қаржылық есебін бекіту туралы; - компанияның 2019 жылға таза табысын бөлу тәртібін бекіту; - 2019 жылға арналған дивидендтер туралы; - Акционерлердің компанияның және оның лауазымды тұлғаларының іс- әрекетіне жүгінулері туралы мәселені қарастыру. Жиналыс туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланған – https://kase.kz/files/emitters/KZCR/kzcr_annual_shareholders_meeting_info_110620_1960.pdf [2020-05-11]