/KASE, 11.05.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2020 жылдың
11 мамырынан бастап "АТФБанк" АҚ (Алматы) KZ2C00004059
облигацияларының (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар"
санаты, ATFBb16) сауда-саттықтары қайта басталатыны туралы
хабарлайды.
Аталмыш облигациялардың сауда-саттықтары 2020 жылдың 23 сәуірінде
осы облигацияларды ұстаушыларының жалпы жиналысы өткізілгеніне
байланысты уақытша тоқтатылған.
Аталмыш облигациялардың сауда-саттықтары Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі 2020 жылдың 30 сәуірінде тіркеген аталмыш облигациялардың
шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды KASE
алуына байланысты қайта басталды. Осы өзгертулер мен толықтырулар,
соның ішінде, аталмыш облигациялардың банктің жай акцияларына
айырбастау тәртібі мен шарттары өзгертілді (ковенант).
2020 жылдың 06 мамырындағы "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ
хатымен 2020 жылдың 06 мамырынан бастап аталмыш облигациялар
бойынша операцияларды тіркеу қайта басталғаны туралы хабарлады.
Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулер
мен толықтырулар KASE интернет-сайтында жарияланды –
https://kase.kz/files/emitters/ATFB/atfbf9_ATFBb16_izm_300420.pdf
Бұдан бұрын осы тақырып бойынша 2020 жылдың 29 сәуірінде KASE
жаңалықтары жарияланды:
- 2020 жылдың 29 сәуірінен бастап "АТФБанк" АҚ KZ2C00004059
(ATFBb16) облигацияларын ұстаушылар облигациялардың шығарылым
аңдатпасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы шешім
қабылдады" –
https://kase.kz/ru/news/show/1430129/
- 2020 жылдың 10 сәуірінен бастап "АТФБанк" АҚ KZ2C00004059
(ATFBb16) облигацияларымен сауда-саттық 23 сәуірден бастап
тоқтатылды" –
https://kase.kz/ru/news/show/1429947/
[2020-05-11]