"БАСТ" АҚ 24 сәуірде КASE сауда-саттық жүйесінде KZ1C00001015 (BAST) 4 348 жай акцияларын 100,0 млн теңгеге орналастырды

24.04.20 16:08
/KASE, 24.04.20/ – Бүгін Қазақстан қор биржасында (KASE) "БАСТ" АҚ (Алматы) KZ1C00001015 (KASE балама алаңы, "акциялар" секторы, BAST) жай акцияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда- саттық өткізілді. Арнайы мамандандырылған сауда-саттық сатушысы ретінде "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) қатысты. Барлығы орналастыруға 94 372 жай акциялар ұсынылды. Сауда-саттық мәні үтірден кейін екінші белгіге дейінгі дәлдікпен белгіленген, бір жай акцияның бағасы болып табылады. Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдер жабық түрде алматы уақытымен сағат 09:30 -дан 11:30-ге дейін берілді (ALT). Сауда-саттыққа тек шектеулі өтінімдер қабылданды. KASE сауда-саттық жүйесіне өтінімдерді жинақтауды аяқтау сәтінде 20 000,00 және 23 000,00 теңгеге жалпы көлемі 6 848 акция сатылды:жалпы көлемі 150 004 000,0 теңге. Ұсынымға сұраным – 7,3 %. Сауда-саттық қорытындысы бойынша саудагер 23 000,00 теңгеден екі өтінімді қанағаттандырып, 4 348 акцияны орналастырды. Тарту сомасы 100 004 000,0 теңге. [2020-05-07]