"ҚазТрансОйл" АҚ акционерлеріне үндеу жолдады

06.05.20 22:04
/KASE, 06.05.20/ – Акциялары "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазТрансОйл" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2020 жылдың 06 мамырындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Құрметті «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлері! 2020 жылы 27 мамырда «ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы Акционерлердің жалпы жиналысының отырысын өткізбестен сырттай дауыс беру арқылы өткізіледі. Жалпы жиналыстың күн тәртібінде 2019 жылға «ҚазТрансОйл» АҚ-тың таза табысын, өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және «ҚазТрансОйл» АҚ-тың бір жай акциясына есептегендегі дивиденд мөлшерін бекіту туралы қарастырылды. «ҚазТрансОйл» АҚ 2019 жылға дивидендтер алу кезінде сұрақтарды болдырмау үшін акционерлерден тиісті дербес деректердің (оның ішінде банктік деректемелердің) акциялар тізілімдері жүйесінде жазылуын тексеруді және қажет болған жағдайда делдалдық компанияны дербес деректердегі өзгерістер туралы хабардар етуді сұрайды. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_060520_kz.pdf мекен-жайында танысуға болады.