"Қазақтелеком" АҚ акционерлері 2019 жылға жылдық қаржылық есептілігін бекітті және жай акциялары бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады

06.05.20 20:40
/KASE, 06.05.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Нұр-Сұлтан), Қазақстан қор биржасына (KASE), акционерлерінің 2020 жылдың 30 сәуіріндегі жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы хабарлады: - 2019 жылға компанияның жылдық қаржылық қорытындысы туралы есебі бекітілсін; - компанияның 2019 жылға таза табысын бөлу тәртібі бекітілсін; - компанияның таза табысының 15 % құрайтын, таза табысының 57 086 449 000 теңгесі 2019 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд төлеуге жұмсалсын; - қалған бөлігі компанияның иелігінде қалдырылсын; - компанияның 2019 жылға дивиденд көлемі бір акцияға 778,11 теңгеден бекітілсін. Аталмыш ақпаратпен – https://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_annual_shareholders_meeting_results_300420_4016.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2020-05-06]