"Самұрық-Энерго" АҚ "Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС 2020 жылдың бірінші тоқсанына жұмыс қорытындысы туралы хабарлады

29.04.20 16:04
/KASE, 29.04.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ (Нұр-Сұлтан), Биржаға жолдаған 2020 жылдың 29 сәуіріндегі хабарламасында былай деп мәлімдеді: цитатаның басы Биылғы жылғы сәуірде Қазақстан энергетикасының көшбасшысы – Екібастұз ГРЭС-1-ге тура 40 жыл толды. 1980 жылғы 15 сәуірде КСРО Энергетика және электрлендіру министрлігі станцияның алғашқы турбогенераторын және қазандық агрегатын пайдалануға қабылдау туралы Актіге қол қойған болатын. 1-Екібастұз Мемлекеттік Аудандық Электр станциясы бұрынғы КСРО- ның Урал мен Батыс Сібірдің тұтынушыларын электрмен жабдықтау үшін, құрамындағы 5 электр станциясының белгіленген қуаттылығы 20000 МВт болатын Екібастұз Отын-Энергетика Кешенін құру жөніндегі жобасының бір бөлігі ретінде құрылған болатын. Алайда, тек екі электр станциясының: ЕГРЭС-1 мен ЕГРЭС-2-нің ғана құрылысы аяқталды. Бүгінде «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» - Қазақстандағы Біртұтас электр энергетикасы жүйесінің қажеттіліктерін қанағаттандырып отырған ірі жылу электр станциясы. Ұлттық маңызы бар станциялар қатарына жататын электр станциясы республикадағы электр тұтыну көлемінің 20% толықтай қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие. Станцияға 100%-тік қатысу үлесімен отандық аса ірі электр энергетикалық холдинг – «Самұрық- Энерго» АҚ иелік етеді. Конденсатты электр станциясының белгіленген қуаттылығы 4000 МВт, әрқайсысының қуаттылығы 500 МВт болатын сегіз энергия блогімен жабдықталған. Оның алғашқы энергия блогі 1980 жылы пайдалануға берілді, соңғы сегізінші энергия блогі 1984 жылы іске қосылды. Энергетик-мамандардың сөзінше, Екібастұз ГРЭС-1 құрылған кезде сол уақыт үшін прогрессивті бірқатар техникалық және шаруашылық сипаттағы шешімдер іске асырылған, мәселен: электр станциясы отын өндірілетін жерге неғұрлым жақындатылды, салқындатқыш су қоймасы мен күл үйіндісі кұрғап қалған, шаруашылық мақсатында пайдаланылмайтын көлдердің табиғи ойпаңдарында жайғастырылды, қажетті су Ертіс- Қарағанды каналынан алынды, станцияны орналастыруда Екібастұз қаласына қарай соғатын желдің бағыты да ескерілді. 1981 жылғы қазан айында ГРЭС-1 алғашқы миллиард киловатт сағат электр энергиясын өндірді. Кеңестік кезеңде ГРЭС-1 КСРО аумағындағы аса ірі жылу электр станцияларының қатарына енді. Екібастұз ГРЭС-1 электр станциясындағы суды химиялық тазарту (СХТ) жүйесін қайта құру жобасын алғашқылардың бірі болып іске асырды. СХТ жүйесін қайта құру барысында станция су жаңа мембрандық технологияларға көшті, бұл тұзсыздандырылған суды химиялық дайындау жүйесінің сенімді жұмыс істеуін едәуір арттырып қана қоймай, операциялық шығыстарды да азайтуға мүмкіндік берді. Тазартылған судың сапасы да жақсарды – қаяздығы мен электр өткізгіштігі азайды. «Самұрық-Энергода» атап өткендей, «Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС 2019 жылды 18,3 млрд кВтсағ. электр энергиясын өндіріп аяқтады. Тұтас алғанда, Қазақстан нарығында ЕГРЭС-1 өндірген электр энергиясының үлесі 14,2%-ке артты. Орташа блоктік жүктемесі 455 мегаватты құрайтын жеті энергия блогі жұмыс істеп тұрған кезде, станция күзгі-қысқы маусымға толық дайын екенін көрсетті. 2020 жылғы ақпанда 7 энергия блогінің жұмысы үшін рекордтық жүктеме – 3481 МВт тіркелді. Мұндай көрсеткіш соңғы рет 1986 жылғы ақпанда байқалған болатын. Ең жоғарғы нүкте ол кезде 3095 МВт-қа жетті, алайда 8 энергия блогі жұмыс істеп тұрды. Бүгінгі таңда станция 1400-ден астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Өндіріс қуаттылығын арттырумен қатар, ЕГРЭС-1 Екібастұз қаласының әлеуметтік жобаларына демеушілік көмек көрсетіп, қоғамдық қайырымдылық қорларына, мәдени-бұқаралық іс-шараларға қолдау білдіріп, өңірдің әлеуметтік тыныс-тіршілігіне белсене қатысады. цитатаның соңы [2020-04-14]