ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ XS2159908776 (IFC_K280422) ЕКІ ЖЫЛДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОБЛИГАЦИЯЛАРЫН ЖЫЛДЫҚ 11,00 % -БЕН ЖАЗЫЛЫМ АРҚЫЛЫ 13,0 МЛРД ТЕҢГЕНІ ТАРТТЫ

28.04.20 18:35
/KASE, 05.05.20/ – Бұрын хабарлағандай, 2020 жылдың 21 сәуірінде Қазақстан қор биржасы (KASE) Қазақстан қор биржасы "Жазылым" сауда- саттық жүйесі модулінде Халықаралық қаржы корпорациясының (ХҚК) XS2159908776 (IFC_K280422, 13,0 млрд теңге, 1 теңге, 28.04.20–28.04.22, actual/ actual) халықаралық облигацияларын алғашқы рет жазылым жүргізу арқылы орналастырылады. Аталмыш облигацияларға жазылым жүргізу кезінде сатушы ретінде "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ қатысады. Өтінімді қабылдау 2020 жылдың 21 сәуірінде сағат 09:30-дан алматы уақытымен (ALT) сағат 11:00-ге дейін өткізілді. Орналастырылған ноттардың номиналдық көлемі – 10 500 000 000 теңге. Жазылым аясында KASE сауда-саттық жүйесіне берілген шектеулі және нарықтық өтінімдер жабық тәсілмен қабылданды. Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі – 30 %. Өтінімде бағасы ретінде үтірден кейін екінші белгіге дейін дәлдікпен жылдық пайызбен белгіленген, өтеу кірістілігі көрсетілді, нарықтық өтінімдер жағдайында баға ретінде "нарық бойынша кірістілігі көрсетілді". Қаржы құралдарының саны ретінде теңгемен номиналдық көлемі көрсетілді. Берілген өтінімдерде облигациялардың максималды санына сатып алушылар үшін шектеулер жазылым жүргізу шарттарында белгіленген жоқ. Сауда саттыққа номиналдық көлемі 20 625,0 млн теңгеге 13 шектеулі өтінім берілді. Олар өтінімдерді жинау аяқталу сәтінде белсенді болды. Берілген белсенді өтінімдердің кірістілігі жылдық 10,90 –11,00 % аралығында болды, өтеуге орташа сараланған кірістілігі жылдық 10,9753 % құрайды. Белсенді өтінімдердің жалпы көлемі екінші деңгейдегі банктердің үлесіне (ЕДБ) 37,0 %, институционалдық инвесторларға 63,0 %. Сауда-саттық нәтижесі бойынша эмитент жалпы сомасы 13 000 000 000,0 теңгеге он өтінімді қанағаттандырды. Эмитент 13 000 000 000,0 облигацияны орналастырды, өтеу кірістілігі 11,00 % анықтады. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" (Алматы) мәліметтеріне сәйкес барлық мәмілелер аталмыш ноттарға жазылым нәтижелері бойынша аталмыш ақпарат жарияланған сәтте есептелді,соынмен тарту көлемі бойынша ЕДБ 43,3 % сатып алды, 56,7 % – өзге институционалдық инвесторлар сатып алды, жазылым аяқталды. [[2020-05-05]