04 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында "Еуразиялық банк" АҚ KZ2C00004075 (EUBNb17) облигацияларының сауда-саттықтары қайта басталады

04.05.20 12:17
/KASE, 04.05.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2020 жылдың 04 мамырынан бастап "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы) KZ2C00004075 облигацияларының (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, EUBNb17) сауда-саттықтары қайта басталатыны туралы хабарлайды. Аталмыш облигациялардың сауда-саттықтары 2020 жылдың 28 сәуірінде осы облигацияларды ұстаушыларының жалпы жиналысы өткізілгеніне байланысты уақытша тоқтатылған. Аталмыш облигациялардың сауда-саттықтары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі 2020 жылдың 30 сәуірінде тіркеген аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды KASE алуына байланысты қайта басталды. Осы өзгертулер мен толықтырулар, соның ішінде, аталмыш облигациялардың индекстелген номиналды құнын есептеу тәртібі нақтыланды: теңгенің АҚШ долларына девальвациясының/ревальвациясының қарқыны коэффициентін есептегенде, KASE валюталық өтпелі сессиясында 11:00-де орнатылған, АҚШ долларының бағамы қолданылады. 2020 жылдың 30 сәуіріндегі "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ хатымен 2020 жылдың 30 сәуірінен бастап аталмыш облигациялар бойынша операцияларды тіркеу қайта басталғаны туралы хабарлады. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/EUBN/eubnf9_EUBNb17_izm_290420.pdf Бұдан бұрын осы тақырып бойынша 2020 жылдың 28 сәуірінде KASE жаңалықтары жарияланды: - "Еуразиялық банк" АҚ KZ2C00004075 (EUBNb17) облигацияларын ұстаушылар облигациялардың шығарылым аңдатпасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдады" – https://kase.kz/ru/news/show/1430065/ - "Еуразиялық банк" АҚ KZ2C00004075 (EUBNb17) облигацияларымен сауда-саттық 28 сәуірден бастап тоқтатылды" – https://kase.kz/ru/news/show/1430009/ [2020-05-04]