"Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі АҚ Қазақстанда алғаш рет ресей картасымен сауда-саттық эквайрингінде қызмет көрсетуді бастады

30.04.20 19:42
/KASE, 30.04.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі (Алматы), Биржаға жолдаған 2020 жылдың 30 сәуіріндегі баспасөз мәлімдемесін хабарлады: ... Қазақстан Сбербанкі банктің POS-терминалдарымен жабдықталған банкоматтар мен сауда-саттық желісінде "Мир" төлем жүйесінің төлем карталарын қабылдауды бастады. Бүгінгі таңда Қазақстан Сбербанкінің 100-ден астам бөлімшелері және 11 000 астам POS-терминалдары бар. Еліміздің барлық аумағында банк бөлімшелері орналасқандықтан, сауда эквайрингінде Қазақстан Сбербанкі Республикада желісінде "Мир" төлем жүйесінің төлем карталарын қабылдауды бастаған бірінші банк болды. цитата соңы Осы баспасөз хабарламасының орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында https://kase.kz/ru/news/show/1430349/ мекен-жайында танысуға болады. [2020-04-30]