"Kaspi Bank" АҚ Standard & Poor's агенттігі банктің рейтингілік бағасын растағаны туралы хабарлады, болжам "Тұрақты"

30.04.20 15:34
/KASE, 30.04.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған, "Kaspi Bank" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына төмендегі туралы хабарлады: S&P Global Ratings халықаралық рейтингілік агенттігі 2020 жылдың 28 сәуірінде "Kaspi Bank" АҚ несие рейтингін халықаралық шкаламен "ВВ-/В" деңгейінде, қазақстандық банктердің ішіндегі ең жоғарғы рейтингтердің бірін растады. Рейтинг бойынша болжам "Тұрақты" деңгейінде. [2020-04-30]