"First Heartland Jýsan Bank" АҚ Standard & Poor's агенттігі банктің рейтингілік бағасын растағаны туралы хабарлады, болжам "Тұрақты"

29.04.20 18:56
/KASE, 29.04.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған, "First Heartland Jýsan Bank" АҚ (Нұр-Сұлтан), Қазақстан қор биржасына төмендегі туралы хабарлады: 2020 жылдың 28 сәуірінде S&P Global Ratings агенттігі "First Heartland Jýsan Bank" АҚ үзақ мерзімді несие рейтингін "В-" деңгейінде және қысқа мерзімді несие рейтингін "В" деңгейінде растағаны туралы хабарлады, болжам – "Тұрақты" деңгейінде. Ұлттық шкала бойынша рейтинг "kzBB+" деңгейінде. ISIN KZ2C00002103 облигациялары рейтингі "B-" деңгейінен "В" деңгейіне артты, халықаралық шкала бойынша ұлттық шкаламен "kzBB" деңгейінен "kzBB+" деңгейіне дейін. [2020-04-29]