/KASE, 29.04.20/ – Бағалы қағздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "АТФБанк" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына
облигацияларын ұстаушылар 2020 жылдың 23 сәуірінде KZ2C00004059
(KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, ATFBb16) облигациялары
шығарылымына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы шешім
қабылдағаны туралы хабарлады.
Аталмыш ақпарат KASE интернет-сайтында –
https://kase.kz/files/emitters/ATFB/atfb_other_doc_230420_3288.PDF
мекен-жайында жарияланды.
[2020-04-29]