"КазТрансГаз" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
28.04.20 15:14
/KASE, 28.04.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "КазТрансГаз" АҚ ("КазТрансГаз" АҚ , бұдан әрі – компания)
биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01
сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 352 547 508 дана;
- компанияның 351 540 791 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ болып
табылады.
[2020-04-28]