30 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында "АТФБанк" АҚ KZ2C00003135 (ATFBb15) облигацияларының сауда-саттықтары уақытша тоқтатылады

27.04.20 18:00
/KASE, 27.04.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2020 жылдың 30 сәуірінен бастап "АТФБанк" АҚ (Алматы) KZ2C00003135 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, ATFBb15) облигацияларының сауда-саттықтары уақытша тоқтатылады. Аталмыш облигациялардың Биржадағы сауда-саттықтары тоқтатылуы 2020 жылдың 30 сәуірінде аталмыш облигациялардың шығарылым шартына өзгертулер енгізу туралы мәселе қаралатын облигацияларды ұстаушыларлың жалпы жиналысы өткізілуіне байланысты тоқтатылды. Қазақстан қор биржасында облигациялармен сауда-саттық өткізу KASE аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына тиісті өзгертулер алған күннің келесі жұмыс күні және "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ орналастыру және айналымды есепке алу жүйесінде жаңартылады. Бұрын осы тақырып бойынша 2020 жылдың 13 сәуірінде KASE жаңалығы жарияланды "АТФБанк" АҚ KZ2C00003135 (ATFBb15) облигацияларын ұстаушылардың жалпы жиналысы сырттай дауыс беру арқылы 30 сәуірде өтеді " атты жаңалығы жарияланды – https://kase.kz/ru/news/show/1428611/ [2020-04-27]