"Tengri Bank" АҚ өзінің барлық қаржылық міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындауды жалғастырады

27.04.20 13:02
/KASE, 27.04.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "Tengri Bank" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), 2020 жылдың 25 сәуіріндегі ақпараттық хабарламасын ұсынды. цитата басы "Tengri Bank" АҚ (әрі қарай мәтін бойынша – Банк) негізгі акционері Punjab National Bank Банктің өтімділігін қамтамасыз ету және операциялық қызметін жүзеге асыруы үшін Банкке қолдау көрсету жөнінде шешім қабылдады. Банк барлық қаржылық міндеттемелерді уақтылы және толық көлемде орындауды жалғастырады. Келісім аясында Банк несие желісі арқылы бірінші траншты алды. Осылайша, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігінің пруденциалдық нормативтерді сақтау, төлемдерді үздіксіз орындау және клиенттердің ақша қаражатын аударуды жүзеге асыру үшін жеткілікті көлемде өтімділікпен қамтамасыз ету жөніндегі талабы орындалады. Капиталдандыру және акциялар үлесін ұлғайту көлемі жөніндегі шешім "Үлкен төрттіктің" консалтингтік агенттігінің Банк қызметін тұрақтандыру жөніндегі жоспарды дайындау қорытындылары бойынша қабылданатын болады. Қазіргі уақытта консалтингтік агенттік осы бағытта жұмыс істейді. Банк екі апта ішінде өзінің операциялық қызметін қалпына келтіруді жоспарлауда, стандартты режимде барлық процестердің үздіксіздігін қамтамасыз ете отырып, төлемдер мен аударымдарды жүргізуді жалғастырады. Карточкалар бойынша барлық лимиттерді алу алдымыздағы 2-3 күнде жүргізілетін болады. Барлық клиенттерді ынтымақтастыққа шақырамыз және қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіреміз. цитата соңы [2020-04-27]