2020 жылдың 27 мамырда "Казхром" Трансұлттық компаниясы" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтеді

27.04.20 12:27
/KASE, 27.04.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Казхром" Трансұлттық компаниясы" АҚ (Ақтөбе) 2020 жылдың 27 мамырында сағат 11:00-де акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтетіні туралы Биржаға хабарлады. Күн тәртібінде қаралатын мәселе: қоғамның жасаған күрделі мүдделі мәмілесіне өзгертулер енгізу туралы. Жиналыс туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланған – https://kase.kz/files/emitters/KZCR/kzcr_special_shareholders_meeting_info_270520_1817.pdf [2020-04-27]