24 сәуірден бастап Еуропа даму және қайта құру банкі XS2159908776 (IFC_K280422) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізілді

24.04.20 12:29
/KASE, 19.12.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2020 жылдың 17 сәуірінен бастап Еуропа даму және қайта құру банкі XS2159908776 (13,0 млрд теңге, 28.04.20 – 28.04.22, жылдық купон, жылдық 11,00 %, actual/actual) халықаралық облигациялары KASE ресми тізіміне "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы бойынша енгізуге келісім берілді. Аталмыш облигациялардың бастамашысы "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan) АҚ (Алматы) болып табылады. Басқарманың аталмыш шешімі 2020 жылдың 24 сәуірінен бастап күшіне енеді. Аталмыш облигациялардың сауда-саттығы ашылуы туралы Қазақстан қор биржасында қосымша жарияланады. Осы облигацияларға IFC_K280422 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында http://kase.kz/ru/issuers/IFC_/ жуырдағы уақытта жарияланады. [2020-04-24]