"Каспий нефть" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

23.04.20 14:58
/KASE, 23.04.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Каспий нефть" АҚ (Атырау, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 100 000 дана; - компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға Precious Oil Products B.V. болып табылады. [2020-04-23]