"Mega Center Management" (Мега Центр Менеджмент) АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
23.04.20 14:46
/KASE, 23.04.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "Mega Center Management" (Мега Центр Менеджмент) АҚ ("Mega Center
Management" (Мега Центр Менеджмент) АҚ, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің
акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай
бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 145 780 600 дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға A.G.OVERSEAS PTE.LTD ЖЕКЕ АКЦИОНЕРЛІК КОМПАНИЯСЫ
болып табылады.
[2020-04-23]