Халықаралық Алматы аэропорты" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

23.04.20 14:24
/KASE, 23.04.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, Халықаралық Алматы аэропорты" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 100 000 дана, артықшылықты акциялар саны – 10 000 дана; - компанияның 78 414 жай акциялары орналастырылған, компанияның артықшылықты акциялары орналастырылмаған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға VENUS AIRPORT INVESTMENTS B.V. болып табылады. [2020-04-23]