Халықаралық Алматы аэропорты" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
23.04.20 14:24
/KASE, 23.04.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, Халықаралық Алматы аэропорты" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания)
биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01
сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 100 000 дана,
артықшылықты акциялар саны – 10 000 дана;
- компанияның 78 414 жай акциялары орналастырылған, компанияның артықшылықты
акциялары орналастырылмаған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға VENUS AIRPORT INVESTMENTS B.V. болып табылады.
[2020-04-23]