"Өскемен құс фабрикасы" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

23.04.20 10:48
/KASE, 23.04.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Өскемен құс фабрикасы" АҚ (Шығыс-Қазақстан обл., бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 394 533 дана; - компанияның 191 400 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "AITAS KZ" АҚ болып табылады. [2020-04-23]