"Kazakhmys Copper" АҚ(Қазақмыс Коппер) өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
23.04.20 09:16
/KASE, 23.04.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "Kazakhmys Copper" АҚ(Қазақмыс Коппер) (Алматы, бұдан әрі – компания)
биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01
сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 35 000 000 000 дана;
- компанияның 34 750 000 000 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға KCC B.V. болып табылады.
[2020-04-23]