2020 жылдың 26 мамырында "Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып өтеді

21.04.20 18:28
/KASE, 21.04.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), 2020 жылдың 26 мамырында сағат 10:00- да акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өткізетіні туралы хабарлады. Күн тәртібінде: - Банктің 2019 жылға жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы; - Банктің 2019 жылға таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы, банктің бір акциясына дивиденд көлемін анықтау; - Банктің іс-әрекетіне және оның лауазымды тұлғаларына акционерлердің жүгінуілері туралы; - Банктің жарғысына өзгертулерді бекіту туралы; - 2020 жылға және 2021 жылдың бірінші тоқсанына аудит жүргізуші ұйымды анықтау туралы; - Корпоративтік басқару кодексіне өзгертулерді бекіту туралы; - Директорлар кеңесі туралы ережеге өзгертулерді бекіту туралы; - Банктің Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімін анықтау туралы; - Банктің Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы. Аталмыш жиналыс өтетіні туралы орыс және ағылшын тіліндегі ақпарат KASE интернет-сайтында – https://kase.kz/files/emitters/SBER/sber_annual_shareholders_meeting_info_260520_2813.pdf мекен-жайында жарияланған. [2020-04-21]