Бүгін Қазақстан қор биржасында Халықаралық қаржы корпорациясы XS2159908776 халықаралық облигацияларына жазылым жүргізіледі

21.04.20 09:35
/KASE, 21.04.20/ – Бүгін, Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) өзінің сауда-саттық жүйесінде жазылым жүргізу арқылы Халықаралық қаржы корпорациясы XS2093223076 халықаралық облигацияларының бастапқы орналастырылуы жүзеге асырылады.. Аталмыш облигацияларға жазылым жүргізгенде сатушысы ретінде "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (әрі қарай – Сатушы) болады. Орналастырылатын облигациялардың саны – 10 500 000 000 теңгеге дейін. Өтінімде облигацияның бағасы ретінде, бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен төртінші ондық таңбасына дейінгі дәлдікпен көрсетілген, облигацияның кірістілігі көрсетілуі тиіс. Нарықтық өтінім жағдайында баға ретінде "нарық бойынша кірістілігі" көрсетіледі. Орналастыруға жоспарланған облигациялардың жиынтық номиналдық көлемі алдын ала және аталмыш жазылым бастамашысының хабарламасы бойынша. Қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың данамен саны теңгемен көрсетілуі тиіс. Жазылым шегінде өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 21 сәуірі күні алматы уақытымен сағат 09:30-дан бастап 11:00-ге дейін. (ALT). Жазылым аясында KASE сауда-саттық жүйесінде шектеулі және нарықтық өтінімдер қабылданады. Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру деңгейі – 30 %. Сатушыға биржа қабылдаған өтінімдерді ұсыну күні – 2020 жылдың 21 сәуірі. Сатушының биржаға қанағаттандырылған өтінімдерді ұсыну күні – 2020 жылдың 28 сәуірі; есеп айырысу күні - 2020 жылдың 28 сәуірі. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ жүзеге асырылады. Жазылымға қатысу үшін өтінімдер тек "қор" санаты бойынша KASE мүшелері арқылы беріледі. KASE мүшелерінің санаттар бойынша толық тізімі http://kase.kz/ru/membership мекен-жайына жарияланған. Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес, аталмыш облигациялардың эмитентіне ашылатын, инвестор туралы қосымша ақпарат ретінде Жеке тұлғаның тегі, аты әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы беріледі. Бағалы қағаздарға жазылым жүргізудің ережелері KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf мекен-жайында жарияланған. [2020-04-21]