2020 жылдың 28 мамырында "Кселл" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып өтеді

20.04.20 14:57
/KASE, 20.04.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Кселл" АҚ (Алматы), 2020 жылдың 28 мамырында сағат 15:00-де өз акционерлерінің келесі күн тәртібімен жылдық жалпы жиналысы болып өтетіні туралы биржаға хабарлады: - компанияның 2019 жылға жылдық қаржылық есебін бекіту туралы; - компанияның таза табысын есептік қаржы жылына бөлу тәртібін бекіту туралы, жай акциялар бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылдау және компанияның бір жай акциясына есептелген дивиденд көлемін бекіту туралы; - компанияның Диекторлар кеңесі туралы ережесін бекіту туралы. Жиналыс өтуі туралы ақпарат KASE интернет-сайтында – https://kase.kz/files/emitters/KCEL/kcel_annual_shareholders_meeting_info_280520_2814.pdf жарияланған. [2020-04-20]