"Самұрық-Энерго" АҚ энергетика саласында қазақстандық сатып алушыларға қолдау көрсетеді

20.04.20 12:42
/KASE, 20.04.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ (Нұр-Сұлтан), Биржаға жолдаған 2020 жылдың 20 сәуіріндегі хабарламасында былай деп мәлімдеді: цитатаның басы Энергетика саласында пайдалануға бағытталған өнім шығарушы қазақстандық кәсіпорындар күрделі өндірістік жобаларды барған сайын батыл игеріп келеді. Отандық компаниялардың технологиялық дамуы мен қосылған құны жоғарырақ өнім шығаруына былайша айтқанда off-take (оффтейк) шарттар механизмі оң ықпал етуде. 2019-2020 жылдар аралығындағы кезеңде «Самұрық-Энерго» АҚ компанияларының тобы бойынша жалпы сомасы 536 млн. теңгеден асатын 8 оффтейк-шарт жасалды. өзінің электр станцияларын, көмір кеніштерін және энергия беретін компанияларын жабдықтау үшін аса ірі электр энергетикалық холдинг тауарлардың кең спектрін – радиостанциялар мен изоляторлардан бастап электродтар мен трансформаторларға дейін сатып алу туралы серіктестік қатынастарын ресімдеді. «Оффтейк-шарт» – импорт алмастыру жобаларына қатысушы кәсіпкерлерді тапсырыс беру арқылы қолдаудың жақсы құралы. Яғни, жоба іске асырылғаннан кейін өнім жеткізілетін және оның құны төленетін ұзақ мерзімді шартты білдіреді. Импорт алмастыруды дамыту отандық өндірісті қолдаудың өту маңызды аспектісі болып табылады. «Самұрық-Энерго» АҚ-да импорт алмастыру және жергілікті мазмұнды дамыту мәселелері бойынша Жергілікті жобалау офисі құрылған, Қазақстандық ӛндірушілермен жасалған әлгі 8 оффтейк шарт соның жұмысының нәтижесі. Бұл орайда, импорт алмастыруға жататын тауарларды сатып алынатын жұмыстар мен қызметтер қатарынан шығаруға ерекше кӛңіл бӛлінеді. Мәселен, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның құрамындағы энергия беруші компания – «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ сатып алынатын жұмыстардан Қазақстанда жасалмайтын «Трансформатор» позициясын шығарып тастады және осындай позиция бойынша ӛндіріс орнын құрған отандық жеткізіп берушіні сомасы 485 млн. теңге болатын тапсырыспен қамтамасыз етті цитатаның соңы [2020-04-20]