KASE Басқармасы Халықаралық қаржы корпорациясы жоспарланған халықаралық XS2159908776 облигациялары шығарылымына KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілуіне келісім берді

20.04.20 10:09
/KASE, 20.04.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2020 жылдың 17 сәуіріндегі шешімімен Халықаралық қаржы корпорациясы XS2159908776 халықаралық облигациялары шығарылымы KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздар" санатына енгізілді. Аталмыш облигацияларды енгізу бастамашысы Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ болып табылады. Аталмыш шешімнің күшіне енуі туралы басқарма қосымша хабарлайды. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында KASE Басқармасының аталмыш шешімі күшіне енген соң жарияланады. [2020-04-20]