Қазақстан Республикасының қаржы нарығын ретету және дамыту жөніндегі агенттігі "Нұрбанк" АҚ KZ2C00006070 (NRBNb16) облигацияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды тіркеді

17.04.20 18:16
/KASE, 17.04.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Нұрбанк" АҚ өзінің KZ2C00006070 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, NRBNb16; 100 теңге, 10,0 млрд теңге; 7 жыл, жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттық қорытындысы бойынша анықталады; 30/360) облигацияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулердің көшірмесін және, осының алдында берілгеннің орнына берілген, 2020 жылдың 15 сәуіріндегі облигациялық бағдарламасы аясындағы облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуінің куәлігін Биржаға ұсынды: Аталмыш құжаттарға сәйкес: - Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігі аталмыш облигацияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулерді тіркеді; - аталмыш куәлік, аталған облигациялардың айналыс мерзімі аяқталуына байланысты ауыстырылды; - облигациялардың саны 100 000 000 данадан 46 829 031 данаға өзгертілді; - шығарылымның жалпы көлемі 100 000 000 данадан 46 829 031 данаға өзгертілді; - шығарылған облигациялардың түрі "қамтамасыз етусіз атаулы купондар "қамтамасыз етусіз субординирленген атаулы купондарға" ауыстырылды; - айналым мерзімі 7 жылдан 15 жылға өзгертілді; - номиналдық қны 100 теңгеден 1 000 теңгеге өзгертілді; - облигациялардың номиналдық құнынан сыйақы мөлшерлемесі көлемі жылдық 4,00 % өзгертілді; - купон төлемінің мерзімділігі жылына екі реттен бір ретке ауыстырылды. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулер KASE интернет-сайтында жарияланды – http://kase.kz/files/emitters/NRBN/nrbnf9_NRBNb16_izm_150420.pdf [2020-04-17]