Қазақстан Республикасының қаржы нарығын ретету және дамыту жөніндегі агенттігі "Банк ЦентрКредит" АҚ акцияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды тіркеді

16.04.20 19:00
/KASE,16.04.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Банк ЦентрКредит" АҚ өзінің акцияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулердің көшірмесін және, осының алдында берілгеннің орнына берілген, 2020 жылдың 15 сәуіріндегі акцияларының шығарылымын мемлекеттік тіркеуінің куәлігін Биржаға ұсынды: Аталмыш құжаттарға сәйкес: - Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігі аталмыш облигацияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулерді тіркеді; - аталмыш куәлік, компанияның жарияланған акциялардың саны артуына байланысты және компанияның жарияланған 995 876 753 жай және 39 249 255 артықшылықты акцияларын ескере отырып, ауыстырылды; - шығарылым KZ0007786572 1 211 140 611 жай және KZ000A0H0930 39 249 255 артықшылықты акцияларына бөлінген. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулер KASE интернет-сайтында жарияланды – http://kase.kz/files/emitters/CCBN/ccbnf9_izm_150420.pdf [2020-04-16]