"Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ "ЦентрКредит" ИҮИҚ KZPF00000058 (BCCI_cc) үлеспұлдарын ұстаушыларына 2020 жылдың қаңтар-наурыз айларына дивиденд төленгені туралы хабарлады

14.04.20 14:39
/KASE, 14.04.20/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ЦентрКредит - Валютный" интервалдық үлеспұлдық инвестициялық қорының басқарушы компаниясы болып табылатын"Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ (Алматы), 2020 жылдың 09 сәуірінде KZPF00000058 (BCCI_cc) үлеспұлдарын ұстаушыларына 2020 жылдың 01 қаңтарынан бастап 31 наурызына дейінгі кезеңге дивиденд төленгені туралы Биржаға хабарлады. Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, төлем сомасы 654 809,90 АҚШ долларын құрады, үлеспұлдарды ұстаушылардың тізілімін тиянақтау күні – 31 наурыз 2020 жыл. [2020-04-14]