/KASE, 10.04.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2020 жылдың 23 сәуірінен
бастап "АТФБанк" АҚ KZ2C00004059 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы,
"облигациялар" санаты, ATFBb16) облигацияларының сауда-саттықтары
уақытша тоқтатылатыны туралы хабарлайды.
Сауда-саттықтарды уақытша тоқтату 2020 жылдың 23 сәуірінде аталмыш
облигацияларын ұстаушылардың жалпы жиналысы болып өтуіне, осы
жиналыста аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына
өзгертулер енгізу туралы сұрақ қаралуына байланысты жүзеге асырылды.
Осы облигациялардың Биржадағы сауда-саттықтары аталмыш
облигациялардың шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулерді KASE
алғаннан кейін және "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ еспке алу
жүйесінде осы облигацияларды орналастыру және айналыста болуын
есепке алу қайта басталғанын растағаннан кейін келесі жұмыс күннен
бастап қайта басталады.
Осының алдында осы тақырыпта 2020 жылдың 03 сәуірінде "23 сәуірде
АТФБанк" АҚ KZ2C00004059 (ATFBb16) облигацияларын ұсатаушылардың
жалпы жиналысы болып өтеді" KASE жаңалығы жанияланды –
https://kase.kz/ru/news/show/1428003/
[2020-04-10]