"ЭКОТОН+" АҚ өзінің KZ2C00001287 (EKTNb1) облигациялары бойынша 44-ші купонды төлегені туралы хабарлады

10.04.20 14:20
/KASE, 10.04.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ЭКОТОН+" АҚ (Нұр-Сұлтан) өзінің KZ2C00001287 (KASE альтернативті сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, EKTNb1) облигациялары бойынша 44-ші купондық сыйақыны төлегені туралы хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес төленген сыйақының сомасы 24 597 500,00 теңгені құрады. Бұдан басқа, "ЭКОТОН+" АҚ 5 089 595,00 теңге сомасында берешегін төлегені туралы хабарлады. [2020-04-10]